Еріктілер-бір сәттен-ақ біздің қоғамда әлеуметтік көмекті қажет ететін адамдарға ең алғашқылары болып көмектеседі. Әрдайым қай уақытқа, мезгілге қарамастан көмектесуге дайын.
"ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНҒА -ЖАҢА МЕН" жобасын жүзеге асыру мақсатында " Урожайный орта мектебі" КММ-нің " Импульс добра" тобының еріктілері қаңтардың 19-21 күндер аралығында жалғыз басты әжелеріміз Шпилевская Д.И, Баландюк Л аулаларын қардан тазалап, үйлеріне ағаштар мен көмірлерін тасуға ат салысты. Әжелеріміз өз ризашылықтарын білдірді.